|    |  
22 наурыз 2019
11:51
қаз
АҚШ Швейцария банкіне 16,5 млн доллар айыппұл салды
06 желтоқсан 2016, 09:54 2


АҚШ-тың реттеуші органдары Швейцарияның Credit Suisse банкіне қаражаттың қолды болуына жол беру фактілері бойынша 16,5 млн доллар айыппұл салды.

Қаржылық қызметтер саласын реттеу қызметі (Financial industry regulatory authority, FINRA) Credit Suisse банкінің 2011 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін трейдинг белсенділігін тиісінше бақыламағанын және бұның ақша жымқыру үшін пайдаланылуы мүмкін екенін алға тартып отыр.

Бұдан бөлек, 2011 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін швейцариялық банк ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылған күмәнді операцияларға дұрыс баға бере алмаған.

Дереккөз: http://www.vestifinance.ru/


Жаңалықтар