|    |  
24 сәуір 2019
12:43
қаз
Әкелер, балаларыңызбен жиі сөйлесіп, олар үшін әрдайым уақыт табуға тырысыңыз!
05 наурыз 2018, 09:24 9
Аналар әкелеріне қарағанда балаларымен үш есе көп сөйлесетіні туралы ақпаратты білесіз бе?



Психологтар мынадай зерттеу жүргізді: ата-аналарға баланың қасына жазу құрылғысын қойып, екі ата-ана үйде болған кезде ғана қосуды тапсырды. Бұл жазбалар аналар үйінде – бала дүниеге келген соң, кейінірек балаға 1 жас 7 ай болған кезде жасалған болатын.

Қорытындысы таң қаларлық нәтиже көрсетті – аналарымыз балаларымен әкелеріне қарағанда үш есе көп сөйлесетін, сондай-ақ балалар да әкесінен гөрі анасымен диалогқа түсетін болып шықты. Сонымен қатар аналар ұлға қарағанда қыз баламен көбірек әңгіме-дүкен құрады екен.

Біз, әйелдер қауымы, барынша ашық және әлеуметтік-белсенділік танытуға барынша «бағдарламаланғанбыз». Қыз балалар ұлдарға қарағанда тез қарым-қатынас жасауға бейім келеді, дәл осы себепті анасы ұлына қарағанда қызымен көп әңгімелеседі. Өйткені жауап ретінде көп жағдайда тіл қататын баламен сөйлесу анағұрлым қызығырақ. Сіз білер маңызды нәрсе – бала неғұрлым көп сөз естісе, соғұрлым ерте сөйлейді, сөздік қоры мол болады, оқуды да тез меңгереді. Мұның бәрі келешекте баланың мүмкіндігін жоғарылатады және табысты болуына себепші болады.

Өкінішке орай, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалармен әңгіме өте аз жүргізіледі. Алайда әлеуметтік жағдайы төмен, нашар отбасыдан шыққан балалар тұрмысы тәуір тұратын құрдастарына қарағанда 30 миллион сөз аз еститіндігі шындық болып қала береді. Бірақ бұл зерттеу бай мен кедей туралы емес. Бұл өз балалары үшін істеуге қолынан келетін және істеуге тиісті нәрселер және ата-аналар туралы. Әсіресе бұл әкелерге тікелей қатысты!

Әкелер, өздеріңіздің кішкентайларыңызбен көбірек сөйлесіңіздер! Баланы анасының жанында қалдыру ойына көндіге бермеңіздер. Баламен барлық нәрсе туралы әңгімелесіңіз: өз жоспарларыңызбен бөлісіңіз, сіздің бүгінгі күніңіздің қалай өткендігі туралы айтып, өзіңіздің көрген-білген әрекетіңізден хабардар етіп отырыңыз. Бірге ойнаңыз! Қалжыңдасыңыз! Сізге баламен анасы секілді сөйлесудің қажеті шамалы! Сіз өз еркіңізше жасаңыз!

Әкенің баласына көп жағдайда «не?» «қайда?» сұрақтарын қоюы баланың ойлау жүйесінің дамуына және сөздік қорының молаюына көмектеседі екен. Баламен бірге уақыт өткізу арқылы Сіз оның сөйлеу жүйесі дамуының негізін құрайтын сөздік қорын көбейтесіз. Әсіресе бұл қыздарға қарағанда аз сөйлейтін, сөйлеу мен оқуды кеш үйренетін ұлдар үшін өте маңызды. Әке өз ұлымен көбірек сөйлесу арқылы дәл осы «гендерлік» айырмашылықты жоюға септігін тигізеді.
Есте сақтаңыз: бесік тербететін қол әлемді де тербетеді.

Дереккөз: http://www.vospitaj.com


Жаңалықтар