|    |  
19 наурыз 2019
20:44
қаз
​Адамның аватарындағы суретіне қарап не айтуға болады?
10 қараша 2017, 15:38 5
Адамдардың аватарға қоятын суреттеріне қарап оларға ненің жетіспейтінін, өздерінің қандай болып көрінгісі келетінін байқауға болады. Яғни аватардағы суреттері адамның психологиясынан хабар береді.

 
 
1. Баланың, бала күнгі суретін немесе жануарлардың суретін қоятындар. Мейірім мен махаббаттың жетіспеуі. Адам өскісі келмейді. Бұл әлі толық есеймеген адам.
 
2. Өз баласының суреті. «Бұл менің балам. Менің балам – менің өзім» дейтіндер өзін және өмірдегі бағатын жоғалтқандар, тұлға болып қалыптаспағандар. Олар баламен өз өмірін толтырғысы келеді.
 
3. Ғашығымен бірге түскен суреті. «Менің кездесетін адамым бар, бәрің қараңдар» дегенге саяды. Бұл махаббаттың жетіспеуі мен сезімге сенімнің жоқтығын білдіреді.
 
4. Пейзаж немесе басқа табиғаттың суреті. Ішкі үйлесімнің жоқтығы. Мұндай адамдарға демалу керек.
 
5. Ресми сурет. «Мен табыстымын» деген сөзі. Бірақ өзінің «жақсы» екеніне сенімсіз. Табысқа жетіп махаббатқа бөленгісі келетіндердің белгісі.  
 
6. Күлкілі сурет. «Бірге күлейік! Ештеңені жақын қабылдаудың қажеті жоқ» дегісі келеді бірақ іште уайымы барлар.
 
7. Суреттің жоқтығы. «Маған қарама» деген сөз. Қауіпсіздік жетіспейді. Сенбеушілік, күмәндану, жағдайды бақылауға тырысу.
 
Дереккөз: econet.ru


Жаңалықтар